6 ЖАСАР БАЛАСЫМЕН
4 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН
Маринаның хикаясы (кейіпкер қауіпсіздігі үшін толық аты-жөні жарияланбайды)
төмен сырғытыңыз
2015 жыл, 10 мамыр. Ташкент.

Алты жасар ұлын ерткен Марина Мәскеуге қатынайтын пойызға отырды.

Ресейде жұмыс істеп, баласын асырамақ.
Бұрын баласын Өзбекстанда қалдырып, барып-келіп жүретін.

Бұл жолы ұлын алып кетуге келген еді.
Ендігі арманы– РФ азаматтығын алып, сонда тұрақтап қалу.

Бірақ...
Орталық Азия елдерінің көптеген мигранты сияқты Марина да Ресейге Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

Пойыз Ақтөбеге жетіп, Ресеймен шекаралас кеден бекетіне келгенде Маринаның құжатын тексереді.

Ресейде жұмыс істеуіне рұқсат беретін патент мерзімін ұзартпағаны үшін РФ аумағына кіруге тыйым салынған адамдар тізімінде бар екен.

Оны баласымен бірге пойыздан түсіріп тастайды.
Бар ақшасын жолға жұмсаған Марина далада қалды.

Кері қайтар билетке ақша жоқ.

Жат ел. Не танысы, не туысы жоқ.

Балаға тамақ, жатын орын керек.

Ендігі ойы – Отанына оралу.
Марина елге қайтудың жолын іздестіреді.

Теміржол вокзалының басшысына жағдайын айтып, Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш ауданына жетуге көмектесуін өтінеді.

Вокзал басшысы автовокзал әкімшілігіне хабарласады.
Ақтөбеден Сарыағашқа жүретін автобус жүргізушісі Маринаны баласымен бірге тегін жеткізуге келісті.

Жүргізуші Сарыағашқа жеткенде Маринаның ақшасы жоқтығын біле тұра жолақы сұрайды.

«Ақшаң болмаса, жұмыс істеп, қарызыңды қайтарасың» деген талап қояды.
Маринаның амалы таусылып, жүргізушінің жылыжайында үш күн тынымсыз жұмыс істейді. Қарыздан құтылады.
Өзбекстанға барғанда күнделікті ас-суына ақша керек.

Сарыағашта біраз уақыт жұмыс істеп, ақша тауып, сосын елге қайтпақ болады.

Жұмыс іздейді. Бір ер адам хабарласып, жұмысқа шақырады. Келіседі.

Дербісек ауылы. Үлкен үй. Ауласында сауна мен бассейн бар.

Тағы бірнеше үй салынып жатыр.

Үй иесі Маринаға міндетін түсіндіреді. Сауна бөлмелерін, бассейнді күнде жуып-шайып, ауланы сыпырып, тазалауы керек. Жалақысын ай сайын төлеуге келіседі.

Марина бірден жұмысқа кірісті. Үй қожайыны: «Тіркеуге қоямын» деп, Маринадан баласы екеуінің құжаттарын алады. Тіркеуге қоймағаны өз алдына, құжаттарды қайтармайды да.

Бірнеше ай өтті. Марина барлық жұмысты істейді, бірақ уәде етілген жалақы берілмейді.
«Ауладағы уақытша үй-жайдың бір бөлмесінде тұрдық. Таң қылаң бере оянып, жұмысқа кірісемін. Күні бойы жұмыс істеп, келушілер қайтқан соң бассейнді ертеңге тазалап дайындаймын. Түнгі сағат 2-3 болады.

Уақытылы тамақ ішпейміз, жуына да алмаймыз. Бір кісі үнемі жанымда тұрып, қалай жұмыс істегенімді қадағалап, қабылдап алады.

Ұлым үй иесінің немерелеріне қарайды. Қолы босай қалса, оған да жұмыс істеткізеді.

Ыстық тамақ жоқ. Құрылысшыларға қалдырған азық-түліктен уақыт болғанда жеңіл-желпі тамақ пісіремін.

Айлығымды бермейді. Айына 5 мың теңге ғана ұстатады»
«Бұл азаптан құтылатын жол жоқтай көрінді.

Құжатымның мерзімі өтіп кеткен.. Қазақстанда заң бұзған адамға жатамын.

Шекарадан құжатсыз өткізбейді. "Адамдардан көмек сұрайын" десем, барлығы үй иесін таниды, ешкім көмектескісі келмейді.

Полицияға да сенбедім, олар да ауылдың бай-бақуат адамына қарсы шыға қоймайды.

Айтқанына көніп, жұмыс істеуден басқа амал қалмады»
Қиын күндер айға, айлар жылға ұласады.

Бірде Марина өзін бақылайтын кісінің жоғын пайдаланып, ұлын ертіп, қашып кетеді.

Ауылдан алыс ұзамай, қолға түседі.
«Үйге әкеліп, ұрып-соқты.

«Тағы қашсаң, басқаша сөйлесеміз» деп қорқытты.

Полицияның қолына түссем, қамалатынымды ескертті»
Қорқыныш. Үрей. Тынымсыз жұмыс.

Арада 4 жыл өтеді.

Марина ескі телефон тауып, Өзбекстандағы қызына хабарласады.
Қызы Қазақстанға келеді. Анасының құжаты жоқ.

Үй иесі оған: «Құжатын жасап береміз, үйіне қайтарамыз, еш уайымдамаңыз» деп шығарып салады.

Қыз еліне қайтады. «Полицияға барсам, анамды қамап қояды» деп қорқады
Марина Ресейдегі алыс туысқанына хабарласады.
Туысы сондағы адам саудасы құрбандарына көмектесетін «Альтернатива» қозғалысына жағдайды баяндайды.

Қозғалыс мүшелері Қазақстанның Шымкент қаласындағы «Сана Сезім» орталығына хабар береді.
Алыс туысына хабар
– Серіктестеріміз хабарласқан соң, бірден іске кірістік. Көмек сұраушының телефон нөмірін алып, байланысқа шықтық.
Марина күндіз емес, түнгі сағат 2-3-те хабарласуымызды өтінді.
Түнде хабарласып, мекенжайын біліп алдық. Жолға бірден шыға алмаймыз.
Полицейлерге ескертіп, бірге баруымыз керек. Жәбірленушіні қайда орналастырамыз? Бәрін реттеп, жолға шықтық. Маринаны күшпен ұстап отырған адамға біреу-міреу хабар беріп қоймас үшін мекенжайын ешкімге айтпадық. Полиция қызметкерлеріне де білдірмедік.
Үйге жақындағанда Маринаға хабарласып, баласымен бірге қақпа сыртына шығуын өтіндім. Шықты.
«Мұнда кел» деп белгі бердік. Ол құтқаруға кім келгенін білмесе де бізге қарай жүгірді.
Осылайша анасы мен баласын «ұрлап әкеттік»,-дейді «Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы Адам саудасының алдын алу бойынша жоба жетекшісі Раушан Худайшукурова.
2019 жыл, 28 маусым. Шымкент.

Марина құлдықтан құтылғанына сене алар емес.

Төрт жылдай қапаста болған ұлы: «Анашым, енді бізді ешкім қинамай ма?» дегендей жәутеңдеп қарайды.

– Құтылғанымызға сенбедім. Қожайынның қолы ұзын. Содан қорықтым. Таныстары бізді тауып алатындай көрінді,-дейді Марина.
– Марина 44 жаста, бірақ түріне қарап 60 жастағы адамға ұқсаттық. Тістері түсіп қалған, әбден азып-тозып, кірлеген. Жуына алмаған. Жуындырып, таза киім бердік.
Екі күннен кейін Марина мен оны жұмысқа жеккен адамды жүздестірдік. Ол Маринаға: «Мәссаған, сен осылай өзгеріп кеткенсің бе?» деді.
Бұл - таңданысы ма, мазағы ма, білмедік.
Баланың жағдайы қиын еді. Әбден қорқып қалған. Дұрыс сөйлей алмайды, әріп танымайды, жазу білмейді.
Мектепке бармаған бала ғой.
6 жасында құлдық қамыты киіліп, 10 жаста босап шықты,-дейді Раушан Худайшукурова.
«Сана Сезім» орталығының директоры әрі психолог Шахноза Хасантаева Маринаның тағдыры ауыр болғанын айтады.

– Бірінші күйеуі күнде ішіп келіп, қызы екеуін ұрып-соққан. Жұмыс істемеген, үйге ақша әкелмеген. Марина одан ажырасады. Қызы тұрмыс құрады.
Екінші рет күйеуге шығып, ұл туады. Күйеуі тастап кетеді.
Маринаның өз үйі жоқ. Жұмыс істеп, пәтер жалдап, күн көреді. Аз ақша ештеңеге жетпей, Ресейге барып, жұмыс істеуге мәжбүр болады. Күнкөріс қамымен жүргенде қара ниетті адамдардың алдауына түсіп қалды.
Осылайша 4 жылын еңбек құлдығында өткізді,-деді Шахноза Хасантаева.
Марина мен баласына психологтар көмектеседі.

Қазақстандағы Өзбекстан елшілігіне олар туралы мәлімет жіберіп, онлайн-сауалнама толтырып, уақытша анықтама алады.

Содан кейін Өзбекстан Республикасындағы серіктестеріне тапсырады. Марина Өзбекстанға барып, құжаттарын қайта жасатыпты.

Марина өзін «құлдықта ұстаған» азаматтың үстінен ҚР ҚК 126-бабы, яғни бас бостандығынан заңсыз айыру бабы бойынша арызданады. Сарыағаш ауданындағы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы «Сана Сезім» орталығына бұл арыз бойынша қылмыстық іс қозғалмайтынын хабарлапты.

– Маринаның арызы бойынша қылмыс құрамы болмағаны үшін іс қозғалмайтынын айтты. Біз ІІМ-іне, Бас прокуратураға хат жазып, осы істі назарға алуын өтіндік. Алайда қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қозғалмады,-деді Раушан Худайшукурова.
Марина ұлымен бірге Ташкенттегі Адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін республикалық оңалту орталығында тұрып жатыр.

- Сол орталықта тазалықшы болып жұмыс істейді. Баласын мектепке беріпті. 1-сыныпта оқиды. Жағдайы жақсы,-деді Раушан ХУДАЙШУКУРОВА.
Раушан Худайшукурова,
«Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы» ҚБ-нің Адам саудасының алдын алу жобасының жетекшісі:

"2020 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында адам саудасы бойынша 138 жағдай (98 еркек, 40 әйел) анықталды. Оның 123-і адам еңбегін қанау болса, 15-і сексуалды құлдыққа жатады. 95 іс аяқталып, 27 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2 іс бойынша үкім шықса, 10 іс жабылды. Қалған 15 іс бойынша процесс жалғасып жатыр. Адам саудасы құрбандарының арасында Өзбекстан (88) мен Қазақстан (31) азаматтары көп. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары да бар. Мұның барлығы "Сана сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығының статистикасы"


2020 ЖЫЛҒЫ ДЕРЕК
Қажет кеңес
Мақаланы бөлісіңіз!
Жоба авторы: beine.pro шығармашылық тобы
эл.пошта: beine.pro@gmail.com
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге асты.
"Үрейін жеңгендер" жобасының әлеуметтік желі парақшалары
6 ЖАСАР БАЛАСЫМЕН
4 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН
Маринаның хикаясы (кейіпкер қауіпсіздігі
үшін толық аты-жөні жарияланбайды)
2015 жыл, 10 мамыр. Ташкент.

Алты жасар ұлын ерткен Марина Мәскеуге қатынайтын пойызға отырды.

Ресейде жұмыс істеп, баласын асырамақ.
Бұрын баласын Өзбекстанда қалдырып, барып-келіп жүретін.

Бұл жолы ұлын алып кетуге келген еді.
Ендігі арманы– РФ азаматтығын алып, сонда тұрақтап қалу.

Бірақ...
Бар ақшасын жолға жұмсаған Марина далада қалды.

Кері қайтар билетке ақша жоқ.

Жат ел. Не танысы, не туысы жоқ.

Балаға тамақ, жатын орын керек.

Ендігі ойы – Отанына оралу.
Марина елге қайтудың жолын іздестіреді.

Теміржол вокзалының басшысына жағдайын айтып, Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш ауданына жетуге көмектесуін өтінеді.

Вокзал басшысы автовокзал әкімшілігіне хабарласады.

Ақтөбеден Сарыағашқа жүретін автобус жүргізушісі Маринаны баласымен бірге тегін жеткізуге келісті.

Жүргізуші Сарыағашқа жеткенде Маринаның ақшасы жоқтығын біле тұра жолақы сұрайды.

«Ақшаң болмаса, жұмыс істеп, қарызыңды қайтарасың» деген талап қояды.
Маринаның амалы таусылып, жүргізушінің жылыжайында үш күн тынымсыз жұмыс істейді. Қарыздан құтылады.
Орталық Азия елдерінің көптеген мигранты сияқты Марина да Ресейге Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

Пойыз Ақтөбеге жетіп, Ресеймен шекаралас кеден бекетіне келгенде Маринаның құжатын тексереді.

Ресейде жұмыс істеуіне рұқсат беретін патент мерзімін ұзартпағаны үшін РФ аумағына кіруге тыйым салынған адамдар тізімінде бар екен.

Оны баласымен бірге пойыздан түсіріп тастайды.
Өзбекстанға барғанда күнделікті
ас-суына ақша керек.

Сарыағашта біраз уақыт жұмыс істеп, ақша тауып, сосын елге қайтпақ болады.

Жұмыс іздейді. Бір ер адам хабарласып, жұмысқа шақырады. Келіседі.
Дербісек ауылы. Үлкен үй. Ауласында сауна мен бассейн бар.

Тағы бірнеше үй салынып жатыр.

Үй иесі Маринаға міндетін түсіндіреді. Сауна бөлмелерін, бассейнді күнде жуып-шайып, ауланы сыпырып, тазалауы керек. Жалақысын ай сайын төлеуге келіседі.

Марина бірден жұмысқа кірісті. Үй қожайыны: «Тіркеуге қоямын» деп, Маринадан баласы екеуінің құжаттарын алады.
Тіркеуге қоймағаны өз алдына, құжаттарды қайтармайды да.

Бірнеше ай өтті. Марина барлық жұмысты істейді, бірақ уәде етілген жалақы берілмейді.
«Ауладағы уақытша үй-жайдың бір бөлмесінде тұрдық. Таң қылаң бере оянып, жұмысқа кірісемін. Күні бойы жұмыс істеп, келушілер қайтқан соң бассейнді ертеңге тазалап дайындаймын. Түнгі сағат 2-3 болады.

Уақытылы тамақ ішпейміз, жуына да алмаймыз. Бір кісі үнемі жанымда тұрып, қалай жұмыс істегенімді қадағалап, қабылдап алады.

Ұлым үй иесінің немерелеріне қарайды. Қолы босай қалса, оған да жұмыс істеткізеді.

Ыстық тамақ жоқ. Құрылысшыларға қалдырған азық-түліктен уақыт болғанда жеңіл-желпі тамақ пісіремін.

Айлығымды бермейді. Айына 5 мың теңге ғана ұстатады»

«Бұл азаптан құтылатын жол жоқтай көрінді.

Құжатымның мерзімі өтіп кеткен. Қазақстанда заң бұзған адамға жатамын.

Шекарадан құжатсыз өткізбейді. "Адамдардан көмек сұрайын" десем, барлығы үй иесін таниды, ешкім көмектескісі келмейді.

Полицияға да сенбедім, олар да ауылдың бай-бақуат адамына қарсы шыға қоймайды.

Айтқанына көніп, жұмыс істеуден басқа амал қалмады»

Қиын күндер айға, айлар жылға ұласады.

Бірде Марина өзін бақылайтын кісінің жоғын пайдаланып, ұлын ертіп, қашып кетеді.

Ауылдан алыс ұзамай, қолға түседі.

«Үйге әкеліп, ұрып-соқты.

«Тағы қашсаң, басқаша сөйлесеміз» деп қорқытты.

Полицияның қолына түссем, қамалатынымды ескертті»

Қорқыныш. Үрей. Тынымсыз жұмыс.

Арада 4 жыл өтеді.

Марина ескі телефон тауып, Өзбекстандағы қызына хабарласады.


Қызы Қазақстанға келеді. Анасының құжаты жоқ.

Үй иесі оған: «Құжатын жасап береміз, үйіне қайтарамыз, еш уайымдамаңыз» деп шығарып салады.

Қыз еліне қайтады. «Полицияға барсам, анамды қамап қояды» деп қорқады





Марина Ресейдегі алыс туысқанына хабарласады.
Туысы сондағы адам саудасы құрбандарына көмектесетін «Альтернатива» қозғалысына жағдайды баяндайды.

Қозғалыс мүшелері Қазақстанның Шымкент қаласындағы «Сана Сезім» орталығына хабар береді.
Алыс туысына хабар
– Серіктестеріміз хабарласқан соң, бірден іске кірістік. Көмек сұраушының телефон нөмірін алып, байланысқа шықтық.
Марина күндіз емес, түнгі сағат 2-3-те хабарласуымызды өтінді.
Түнде хабарласып, мекенжайын біліп алдық. Жолға бірден шыға алмаймыз.
Полицейлерге ескертіп, бірге баруымыз керек. Жәбірленушіні қайда орналастырамыз? Бәрін реттеп, жолға шықтық. Маринаны күшпен ұстап отырған адамға біреу-міреу хабар беріп қоймас үшін мекенжайын ешкімге айтпадық. Полиция қызметкерлеріне де білдірмедік.
Үйге жақындағанда Маринаға хабарласып, баласымен бірге қақпа сыртына шығуын өтіндім. Шықты.
«Мұнда кел» деп белгі бердік. Ол құтқаруға кім келгенін білмесе де бізге қарай жүгірді.
Осылайша анасы мен баласын «ұрлап әкеттік»,-дейді «Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы Адам саудасының алдын алу бойынша жоба жетекшісі Раушан Худайшукурова.
2019 жыл, 28 маусым. Шымкент.

Марина құлдықтан құтылғанына сене алар емес.

Төрт жылдай қапаста болған ұлы: «Анашым, енді бізді ешкім қинамай ма?» дегендей жәутеңдеп қарайды.

– Құтылғанымызға сенбедім. Қожайынның қолы ұзын. Содан қорықтым. Таныстары бізді тауып алатындай көрінді,-дейді Марина.
– Марина 44 жаста, бірақ түріне қарап 60 жастағы адамға ұқсаттық. Тістері түсіп қалған, әбден азып-тозып, кірлеген. Жуына алмаған. Жуындырып, таза киім бердік.
Екі күннен кейін Марина мен оны жұмысқа жеккен адамды жүздестірдік. Ол Маринаға: «Мәссаған, сен осылай өзгеріп кеткенсің бе?» деді.
Бұл - таңданысы ма, мазағы ма, білмедік.
Баланың жағдайы қиын еді. Әбден қорқып қалған. Дұрыс сөйлей алмайды, әріп танымайды, жазу білмейді.
Мектепке бармаған бала ғой.
6 жасында құлдық қамыты киіліп, 10 жаста босап шықты,-дейді Раушан Худайшукурова.
«Сана Сезім» орталығының директоры әрі психолог Шахноза Хасантаева Маринаның тағдыры ауыр болғанын айтады.

– Бірінші күйеуі күнде ішіп келіп, қызы екеуін ұрып-соққан. Жұмыс істемеген, үйге ақша әкелмеген. Марина одан ажырасады. Қызы тұрмыс құрады.
Екінші рет күйеуге шығып, ұл туады. Күйеуі тастап кетеді.
Маринаның өз үйі жоқ. Жұмыс істеп, пәтер жалдап, күн көреді. Аз ақша ештеңеге жетпей, Ресейге барып, жұмыс істеуге мәжбүр болады. Күнкөріс қамымен жүргенде қара ниетті адамдардың алдауына түсіп қалды.
Осылайша 4 жылын еңбек құлдығында өткізді,-деді Шахноза Хасантаева.
Марина мен баласына психологтар көмектеседі.

Қазақстандағы Өзбекстан елшілігіне олар туралы мәлімет жіберіп, онлайн-сауалнама толтырып, уақытша анықтама алады.

Содан кейін Өзбекстан Республикасындағы серіктестеріне тапсырады. Марина Өзбекстанға барып, құжаттарын қайта жасатыпты.

Марина өзін «құлдықта ұстаған» азаматтың үстінен ҚР ҚК 126-бабы, яғни бас бостандығынан заңсыз айыру бабы бойынша арызданады. Сарыағаш ауданындағы ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы «Сана Сезім» орталығына бұл арыз бойынша қылмыстық іс қозғалмайтынын хабарлапты.

– Маринаның арызы бойынша қылмыс құрамы болмағаны үшін іс қозғалмайтынын айтты. Біз ІІМ-іне, Бас прокуратураға хат жазып, осы істі назарға алуын өтіндік. Алайда қылмыс құрамының болмауына байланысты іс қозғалмады,-деді Раушан Худайшукурова.
Марина ұлымен бірге Ташкенттегі Адам саудасының құрбандарына көмек көрсететін республикалық оңалту орталығында тұрып жатыр.

- Сол орталықта тазалықшы болып жұмыс істейді. Баласын мектепке беріпті.
1-сыныпта оқиды. Жағдайы жақсы,-деді Раушан ХУДАЙШУКУРОВА.
Қажет кеңес
Шетелге немесе бұрын-соңды естіп білмеген беймәлім жаққа жұмыс іздеп бармақ болсаңыз, нені білу керек?

1. Мейлі елімізде, мейлі шетелде бейтаныс немесе таныс досыңыз болса да «Бір айда байып, үй-машина аласың» деген жарнамаларға, ұсыныстарға сенбеңіз.

2. Жұмысқа бармас бұрын барлығын мұқият тексеру керек. Жұмыс берушімен келісімшарт жасасып, қандай жұмыс, айлығы қанша, күніне неше сағат жұмыс істейсіз, қайда тұрасыз деген сұрақтардың жауабын біліп алыңыз. Келісімшарттың бір көшірмесі сізде қалады. Төлқұжат, виза т.б. барлық құжаттың кемі екі көшірмесін жасатыңыз. Бір көшірмесін өзіңізбен алып жүріңіз. Екіншісін туыстарыңызға қалдырыңыз.

3. Қайда, қандай жұмысқа барсаңыз да құжатыңызды ешкімге бермеңіз. Құжат болмаса, кім екеніңізді дәлелдей алмайсыз.

4. Туыстарыңыз қайда және кіммен бірге кетіп бара жатқаныңыз туралы толық мағлұмат білуі керек. Ештеңені жасырмай, барлығын айтыңыз. Бірнеше жақын адамыңыздың телефон нөмірін жаттап алыңыз. Тек туыстарыңыз түсінетін код сөз ойлап табыңыз. Құлдықта ұстайтын адам жәбірленушінің туыстары күдіктенбес үшін телефонда сөйлесуіне рұқсат етеді. Сөйлескенде қорқытып, пышақ, қару тақап тұрады. Код сөз — туыстарыңызға жағдайыңызды жеткізер сигнал болады.

5. Шетелде Қазақстан елшілігінің қайда орналасқанын және телефон нөмірлерін жазып алыңыз. Әрбір мемлекет шетелдегі азаматтарының құқықтары мен бостандығын қорғайды. Уақытша төлқұжат рәсімдеп, елге қайтуына көмектеседі.

6. Қиындыққа ұшырасаңыз, полицияға, тіпті алғаш кездескен адамға жағдайыңызды айтыңыз.
Адам саудасына қарсы күресетін азаматтар қандай қиындыққа тап келеді?

- Бізге телефон қоңыраулары, SMS-хабарламалар көп келеді. Барлығын бірдей жіті тексеру уақыт алады. Көбіне Ресей мен Өзбекстандағы серіктестеріміз хабарлама жібереді. Олар елдімекендеріміздің атауын білмейді, қалай естиді, солай жазып жібереді. Дұрысын тапқанша тағы уақыт кетеді.

"Сана Сезім" орталығы қызметкерлері құқыққорғаушы қауіпсіздігі бойынша оқу-даярлықтан өткен. Адам саудасы - қиын да күрделі. Сондықтан бізге де қауіп төнетін кездер болады. Әсіресе, қылмыстық іс қозғалса, жәбірленушіні құлдықта ұстаған тарап қысым жасайды. Тіпті бізді аңдиды. Сотқа басқа көлікпен барып, қайтарда жәбірленушімен бірге басқа көлікпен қайтатын жағдайлар да болды.

Ең қиын мәселе - құқыққорғау қызметкерлерінің міндетін орындамауы. Бәріне бірдей топырақ шашпаймын, бірақ лауазымды қызметте немесе жақсы орында жұмыс істейтін адамға қатысты іс болса, кейбірі бармақ басты, көз қысты әрекеттерге барады.

Елімізде адам саудасы туралы арнайы заң жоқ, сол себепті құлдыққа түскен азаматтардың құқығын қорғау да біршама қиын.
Шахноза Хасанова

«Сана Сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы» ҚБ-нің директоры:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Туысыңыз не танысыңыз адам саудасының құрбанына айналғанын білсеңіз, "Сана Сезім" орталығына хабарласыңыз.
«Сана Сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы» ҚБ 2001 жылы ашылған.

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, адам саудасын тоқтату, еңбек миграциясы және құжаттандыру бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Мекенжайы: Шымкент қ., Перов көш., 19 үй. Тел: 8 (7252) 55-13-00
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге асты.
Жоба авторы: beine.pro шығармашылық тобы
эл.пошта: beine.pro@gmail.com
"Үрейін жеңгендер" жобасының әлеуметтік желідегі парақшалары
Мақаланы бөлісіңіз!
Раушан Худайшукурова,
«Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығы» ҚБ-нің Адам саудасының алдын алу жобасының жетекшісі:

"2020 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында адам саудасы бойынша 138 жағдай (98 еркек, 40 әйел) анықталды. Оның 123-і адам еңбегін қанау болса, 15-і сексуалды құлдыққа жатады. 95 іс аяқталып, 27 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2 іс бойынша үкім шықса, 10 іс жабылды. Қалған 15 іс бойынша процесс жалғасып жатыр. Адам саудасы құрбандарының арасында Өзбекстан (88) мен Қазақстан (31) азаматтары көп. Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтары да бар. Мұның барлығы "Сана сезім" әйелдер бастамалары құқықтық орталығының статистикасы."


2020 ЖЫЛҒЫ ДЕРЕК
Made on
Tilda